29-11-24 |
830 рет қаралған
Ресей Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысуға дайын- Путин.
Ресей Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысуға дайын- Путин

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік тарап Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жобасына қатысуға дайын екенін айтты.

Оның айтуынша, бұл мәселе Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тар және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерде талқыланды. Путин Қазақстан атом энергетикасы саласындағы жобаларын жүзеге асырған кезде өз мүдделеріне сай келетін технологияларды таңдауға құқылы екенін атап өтті.

«Соңғы шешім әрқашан тапсырыс берушіге байланысты. Менің ойымша, бұл салада Қазақстанмен ынтымақтастығымыз әбден  мүмкін», – деді Путин.

Бұл ретте ресейлік «Росатом» компаниясы шетелде атом электр станцияларын салуда әлемдік көшбасшы екенін еске салып, өз қызметтерін ұсынды.

Айта кетсек, Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы өткен болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.