16-01-24 |
11080 рет қаралған
Ресейлік журналист Қазақстанға қатысты арандатушылық мәлімдеме жасады.
Ресейлік журналист Қазақстанға қатысты арандатушылық мәлімдеме жасады

Қазақстанға қатысты тағы бір арандатушылық мәлімдеме жасалды. Бұл жолы ресейлік журналист әрі тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасында Қазақстанда «орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстыруды жалғастыруда» деген жазба жариялады.

Канделаки ресейлік насихат стилінде жазылған материалды бөліскен. Басылым Қазақстанда билік бірқатар вокзалдардың атауын өзгертіп, орысша атауларды қазақшаға ауыстырып жатқаны айтылған.

Канделакидің арандатушылық жазбасына қазақстандық журналист Динара Сәтжан жауап қатып,  ресейлік әріптесіне еліміздің тәуелсіз мемлекет екенін еске салды.

«Орыста жақсы мақал бар: «Өзгенің монастырына өз ережеңмен араласпа». Қай теміржол вокзалын өзгерту керектігін өзіміз шешейік. Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алғалы Совет үкіметінде жоғалтқан өз тілін қайтарып жатыр», – деп жазды Динара Сәтжан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.