Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Арменияның қауіпсіздігіне, егемендігі мен мемлекеттілігіне қатер төндіреді, деп мәлімдеді Армения премьер-министрі Никол Пашинян жалпыармяндық форумда сөйлеген сөзінде.
«Біз ҰҚШҰ-ға мүшелігімізді тоқтаттық, себебі ҰҚШҰ Арменияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттемелерін орындамайды, сонымен қатар ҰҚШҰ Арменияның қауіпсіздігіне, оның одан әрі өмір сүруіне, егемендігі мен мемлекеттілігіне қауіп төндіреді», – деді Пашинян.
23 ақпанда Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігін нақты тоқтатқанын мәлімдеді, өйткені келісім де, ұйым да Ереванға қатысты өз функциялары мен міндеттемелерін орындамайды. 12 маусымда Армения премьер-министрі республиканың ҰҚШҰ-дан шығатынын хабарлады, дегенмен ол уақытты нақтыламады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы республиканың мүддесіне қызмет етпейді деп санайды. Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова әр ел қандай қауымдастықтармен қарым-қатынасты дамытқысы келетінін таңдай алатынын, бірақ оны батыс сценарийімен емес, шынайы тұрғыда жасау керектігін атап өтті.
Айта кетсек, ҰҚШҰ-ға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Армения кіреді.
-
03.12.2024
-
03.12.2024
-
03.12.2024
-
03.12.2024
-
03.12.2024
-
03.12.2024
-
03.12.2024
-
03.12.2024
-
03.12.2024