09-10-22 |
1060 рет қаралған
Қаңтар оқиғасында зардап шеккен қырғыз музыканты ЕҚЫҰ жиынында сөз сөйледі.
Қаңтар оқиғасында зардап шеккен қырғыз музыканты ЕҚЫҰ жиынында сөз сөйледі

Қаңтардағы оқиғалар кезінде Қазақстандағы қауіпсіздік күштерінің әрекеттерінен зардап шеккен Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов Варшавада өткен «Заң Үстемдігі» атты пленарлық жиынында сөз сөйледі.

«Қаңтар оқиғаларынан соң мені террорист деп анықтаған және шу көтерген сәтсіз қойылымнан кейін бүкіл халық үшін, сол кезде шабуылдаған 20 мың террорист туралы тақырып жабылды. Мен Қырғызстанның азаматтық қоғамының арқасында босатылдым. Мен оларға террорист ретінде таныстырғысы келген алғашқы шетелдік болдым. Сегіз ай өтседе менің азаптау ісім бойынша ешкім қамауға алынбады тіпті жауапқа тартылмады. Тек қарапайым қазақстандықтардан басқа, осы уақытқа дейін ресми кешірім сұралған жоқ», – деді Рузахунов.

ZTB-ның жазуынша, ол сондай-ақ өз сөзінде, халықаралық құқық қорғау ұйымынан қаңтар айындағы оқиғаларға мұқият назар аударуды және олардың тезірек аяқталуына ықпал етуді сұрайтынын атап өтті.

Айта кетейік, ол Алматыға бірнеше серіктесімен болашақ жобаларды талқылау үшін келген. Алайда 4-қаңтарда митинг басталып, достарының кеңесімен 6-қаңтарға дейін ешқайда шықпаған. Жағдай шиеленісе бастаған соң еліне қайтпақ болған Рузахунов 7-қаңтарда бекетте полицейлердің қолына түсіп, азапталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.