Қытайдың Huawei компаниясын АҚШ қара тізімге енгізгеніне байланысты Қытай мемлекетінің Apple-ге қарсы шара қолданғанына Huawei-дің бас директоры Жэнь Чжэнфэй қарсы екенін айтты. Бұл туралы bloomberg хабарлайды. Сондай-ақ аталған басылым екі ел арасындағы сауду дауының кесірінен АҚШ-та тарифтердің өсіп жатқанын да жазып отыр.
Huawei компаниясының бас директоры Жэнь Чжэнфэй Қытай Apple-ге қарсы шара қолдан байтыны, егер ондай жағдай бола қалған жағдайда өзі бірінші болып қарсы шығатынын мәлімдеді.
«Apple – әлемде алдыңғы қатардағы компания, онысыз мобильді интернет болмас еді. Бізге әлемді тануға көмектескен Apple болмағанда, қоршаған ғаламның сұлулығын білмеген де едік», – деп түсіндірді Жэнь Чжэнфэй.
Huawei басшысы америкалық компанияны «ұстаз» деп есептейтіндігін жеткізді.
Жэнь Чжэнфэй АҚШ-тың әрекеті Huawei-дің 5G стандартындағы байланыс технологиясы саласында бәсекелестік қабілетін төмендететінін мойындады.
«Егер біздің қанатымызда тесік көп болса, баяулап қалатынымыз анық. Егер біз ақырын, ал олар тез ұшса, онда әрине олар бізді тез қуып жетеді. Бірақ біз ол тесіктерді жамаймыз да, олар қалмаған кезде қайта тез ұшатын боламыз», – деп компания басшысы бейнелі түрде түсіндірді.
Сондай-ақ Huawei басшысы АҚШ өз компанияларын басқаратындығын, бірақ олар әлемдік сақшы еместігін және дүние жүзін басқара алмайтынын айтты.
«Әлемнің қалған бөлігі өздерінің бизнестегі мүдделеріне қарай бізбен жұмыс істей ме, жоқ па екенін өздері шешеді «, – деді айтқан Жэнь Чжэнфэй сөзін былайша сабақбады:
«Біз АҚШ-тан чиптердің жартысын сатып аламыз [5G байланысына қатысты], қалғанын өзіміз шығарамыз. Егер Құрама Штаттар бізге қосымша шектеулер қойса, онда біз АҚШ-тан сатып алуды азайтамыз да, өз чиптерімізді көбірек қолданамыз. Егер ол жақтың компаниялары бізге чип сатуда шектеу қоймаса, онда ары қаратай солардан сатып ала берміз», – деді ол.
Жэнь Чжэнфэй АҚШ-тың өздерінен ешқашан тауар сатып алмағанын, тіпті алғылары келген күннің өзінде, болашақта оларға тауар сатпай қоюы мүмкін екенін де айтып өтті.
«Келісім жүргізудің қажеттілігі жоқ болып, мен Трампты елемей қоямын. Егер мен телефон қоңырауына жауап бермей қойсам, ол кіммен келісім жүргізбек екен», – деп ескерту айтты компанияның бас директоры.
Google Қытайдың Huawei компаниясының Android мобильді операциялық жүйесіне кіруін шектеді
Сонымен қатар, Bloomberg «АҚШ – Қытай сауда соғысының жаһандық шығыны 600 миллиард доллар» деп мақала жариялады. Bloomberg Economics басылымының экономистері тарифтердің өсіп жатқанын айтып, дабыл қағуда. Олардың есебінше ІЖӨ 2021 жылы 600 миллиард доллар шығын әкеледі.
10 мамырда АҚШ Қытай экспортының 250 миллиард долларға тарифтік ставкасын 25% – ға дейін көтерді. Ал Қытай өз кезегінде дереу кері әрекет етіп, Қытай АҚШ-та кейбір тауарларға тарифтерді 5% – дан 25% – ға дейін көтерді. Екі жылдан кейін Bloomberg Economics Қытайда және АҚШ-та өндіріс көлемі тиісінше 0,5% – ға және 0,2% – ға төмен болады деп болжайды. Жаһандық өндіріс көлемі де төмендейді.
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024
-
06.12.2024