Кеше, Бас прокуратурада химиялық кастрациялауды жүргізу туралы заңнамалық толықтырулардың қолдану және қылмыстық-атқару жүйесі мен денсаулық сақтау қызметтерінің аталған процедураны жүргізуге әзірлігінің жай-күйі туралы мәселе бойынша ведомствоаралық жиын өтті, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі мекеменің баспасө қызметіне сілтеме жасап.
Жиын жұмысына Жоғарғы Соттың, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ішкі істер, оның ішінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мүшелері, сондай-ақ Бас прокуратураның орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2018 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енгенін еске сала кетейік.
Химиялық кастрациялау тек соттың үкімімен сот-психиатриялық сараптаманың қортындысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарына бейім деп танылған тұлғаларға ғана қолданылатын болады.
Андрогенді дәрі инъекциялары бас бостандығын айырылған азаматтарға жазасын өтеу мекемелерінде, ал өзге жаза түрлеріне сотталғандарға – денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік органдар өкілдері химиялық кастарциялау процедураларын жүзеге асыруға дайын екеніндігін мәлімдеді. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024
-
04.10.2024