10-07-24 |
4140 рет қаралған
1 бөлмелі пәтеріне мыңға жуық адамды тіркеген азамат сотталды.
1 бөлмелі пәтеріне мыңға жуық адамды тіркеген азамат сотталды

Елорда прокуратурасы көші – қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Мемлекеттік айыптаушы – прокурор  тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 – бабының 1 – бөлігі бойынша сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.