07-04-24 |
2780 рет қаралған
Су тасқыны болған жерде 3 мыңға жуық медицина қызметкері өз қызметін атқаруда.
Су тасқыны болған жерде 3 мыңға жуық медицина қызметкері өз қызметін атқаруда

Мемлет басшысы осы қиын-қыстау кезде уақытша сынқтарды еңсеру үшін қоғамды біріктіріп, бірге күш жұмылдыруға шақырды. Медицина қызметкерлері құтқарушылармен және басқа да шұғыл қызметтермен қатар барлық мұқтаж жанға медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, күшейтілген режим де жұмыс істейді.

«Осынау қиын кезеңде жергілікті төтенше жағдай жарияланған он өңірде 3 мыңға жуық медицина қызметкері өздерінің ең маңызды миссиясын – азаматтарымызға медициналық көмек көрсетуді және олардың денсаулығын сақтауды жалғастырып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Су басқан аумақтарда 300-ге жуық жедел медицина бригадасы жұмыс істеуде», – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Төтенше жағдайларда медициналық ұйымдар тәулік бойы жұмыс істейді, әрбір науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, дерігерлер тарапынан қолдау көрсетіледі.

Күйзеліс, қобалжу және мазасызданған тұрғындар білікті психолог мамандарға көмекке жүгіне алады.

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін санитарлық-гигиеналық қызметтен 900-ге жуық маман жұмылдырылды.

Денсаулық сақтау министрі он өңірде халықтың денсаулығын сақтау мәселесін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен және медицинсалық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жүкті әйелдердің, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше назар аударуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.