25-09-22 |
370 рет қаралған
«Алматы марафонында» қайғылы жағдай орын алды.
«Алматы марафонында» қайғылы жағдай орын алды

«Алматы марафонының» қатысушысы 47 жастағы Рүстем Садықов мәреге жеткен соң көз жұмды, деп жазды Azattyq Ruhy.

Мәре басында болған жарыстың бас дәрігері Оразбек Саховтың айтуынша, марқұм Республика алаңындағы мәре сызығын кесіп өтіп, бірнеше метр қадам басқаннан кейін бірден құлаған.

«Біз оған бірден көмек көрсете бастадық. Алғашқы көмекті «Қазақстанның Қызыл Жарты Ай» еріктілері көрсетті. Ары қарай жүрек-өкпе реанимациясы қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Бастапқыда жүрек іске қосылып, синус ырғағы пайда болды, бірақ 2 минуттан кейін жүрек ұстамасы қайта ұстады. Реанимациялық шаралар 30 минутқа созылды, оның соңғы 10 минуты жедел жәрдем көлігінде жасалды. Сағат 10:15-те кісі өлімі тіркелді», – «Алматы марафонының» бас дәрігері Оразбек Сахов.

Жарысты ұйымдастырушылар марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады және марқұмның денесін Астана қаласына тасымалдауға көмектесетіндерін жеткізді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.