22-02-23 |
23050 рет қаралған
Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды.
Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды

Тәуелсіз елімізде құқықтық сауаттылықты арттырып, құқықтық мәдинетті дамытудың маңызы зор. Осы орайда, құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты бір ұғым деп қарастырсақ артық етпейді. Құқықтық мемлекет құрудағы басты мақсат – адамдардың құқықтық санасын өзгерту арқылы жоғары құқықтық мәдинеттілікке қол жеткізу.

Ал, енді құқықтық мәдениеттілікті арттыру үшін не істеуміз қажет? «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» – демекші заңына ғана бағынған қоғамда тастай тәртіптің болары сөзсіз. Өздеріңізге белгілі, тәртіп болған жерде түрлі құқық бұзушылық белең алмайды. Мұндай құқық бұзушылық жоқ қоғамда өмір сүру кез келген елдің адамзатының бойына жайлылық пен сенімділік ұялатып, бақытқа бөйлейді. Сондықтан, құқықтық мәдениеттілікті арттырудың бірден-бір жолы заң нормаларын жетік білу, талаптарына бағыну, сыйлай білу, міндеттілігін ұғыну. Өкінішке орай, мұның міндеттілігін біле тұра, арамызда орындамай, сүрініп жататындар бар. Мысалы, қарапайым қоғамдық ортада түкірмеу немесе темекі тұқылын тастамау қажет. Мұндай әрекеттер адамның жалпы ішкі мәдениеті мен құқықтық мәдениеттілігінің төмендігін көрсетеді. Дәл осы әрекеттерді заң нормаларына салсақ, бұл ұсақ бұзақылыққа жатады. Қоғамдағы осындай мәдениетсіздік әрекеттер сырт көзге жиіркенішті, ал құқықтық санадан қарасақ құқықтық жауапкершілікке, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен ұсақ бұзақылықпен саралауға алып келеді. Тағы бір мысал, тәжірибемізде сотқа адамдар келгенде мәдениеттілікті, сотқа деген құрметті ұмытып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл да құқықтық мәдениеттілікті бұзуға себепші.

Сондықтан, құқықтық мәдинеттілікті жетілдіру үшін қоғам алдымен құқықтық сауаттылығын жоғарлатуы қажет. Осы ретте, құқықтық мәдениеттілік пен сауаттылық адамның санасына «Отан – отбасыдан басталады» демекші, ата-анасының тәрбиесінен бастау алып, балабақша, мектеп қабырғасынан сіңірілсе, нұр үстіне нұр болар еді. Себебі, қаржылық сауаттылық пен құқықтық мәдениет көрініс тапқан қоғамды дамыған қоғамның қатарына жатқыза аламыз.

Гүлажар Бақытжанова,

Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер

жөніндегі сот алқасының төрағасы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.