04-03-25 |
370 рет қаралған
Қазақстан-Британ техникалық университеті мемлекет меншігіне өтті.
Қазақстан-Британ техникалық университеті мемлекет меншігіне өтті

Бұған дейін ҚБТУ Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорының меншігінде болған. Қордың құрылтайшылары Динара Құлыбаева, Галина Самарская және Асқар Нұрпеисов еді.

Қаржылық есептілікке сәйкес, 2025 жылғы 27 ақпаннан бастап университет мемлекет меншігіне қайтарылған активтерді басқаратын Компанияның (ҚУВА) қарамағына өтті. Осылайша, Назарбаевтың Білім беру қоры ҚБТУ-дың акционері болып табылмайды.

ҚБТУ 2000 жылы Қазақстан Үкіметі мен Ұлыбритания елшілігі және Британ Кеңесі бірлесіп құрған. 2003 жылы университеттің жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» болды, ал 2018 жылдан бастап Назарбаевтың Білім беру қорының меншігіне өтті.

Бұған дейін Алматы прокуратурасы университетті 11,3 млрд теңгеге сату мәмілесін жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берген. Прокуратура акциялардың бағасы төмендетілгенін мәлімдеген. Сот процесі 2024 жылғы ақпанда басталған.

Университет ғимараты Алматы қаласының орталығында орналасқан. Ол 1957 жылы салынған, бастапқыда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің ғимараты ретінде пайдаланылған, кейін Қазақстан Парламенті орналасқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.