Астанада қатты аязда 28 адамды үсік шалды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне қарағанда, 21-23 қаңтар күндері күннің қатты суытуынан 28 адам, оның ішінде үш бала дәрігерлік көмекке жүгінген. Бұлардың 25-ін бірінші және екінші дәрежелі, екеуін екінші және үшінші дәрежелі үсік шалған. Бір адамды төртінші және бесінші дәрежелі үсік шалған. Зардап шеккендердің барлығына дәрігерлік көмек жасалған. Төрт адам ауруханаға жатқызылып, қалғаны үйлеріне қайтарылған.
Астанада 21 қаңтардан бері аяз күшейген. «Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, бүгін қалада ауа температурасы -38 градусты көрсетіп тұр.
«Қазгидромет» 22-26 қаңтар арасында Қазақстанның бірнеше облысында күндіз -30-35, түнде -40-45 градусқа дейін аяз болатынын ескерткен.
Бұған дейін Астана әкімдігі тұрғындарды күннің күрт суытуына байланысты өрт сөндіру қызметі, жедел жәрдем, Астана қаласының ішкі істер, төтенше жағдайлар департаменттері, коммуналдық қызмет мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, базар мен сауда орындары және құрылыс нысандарының басшыларына жұмыс уақытын қысқартуды ұсынған.
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024